Caravan Logo

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жеделсаты үзілді

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жеделсаты үзілді

Елорданың орталығында орналасқан бұл тұрғын үй қаладағы ең биік ғимараттардың бірі болып саналады. 37 қабатқа тұрақты қызмет көрсету үшін бірнеше жеделсаты орнатылған. Қондырғылардың бірі кенеттен үлкен жылдамдықпен төменге қарай құлай бастады. Абырой болғанда, ол шахта түбіне дейін жетіп үлгірмеді. Бірінші қабат деңгейінде жеделсаты тоқтады. Ішінде болған адамдар қатты шошыған көрінеді. Бірқатарына оқиға орнында жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге тура келді. Екі әйел сынық жарақатын алды. Ал үш жасар қыз табан сүйегін ауыртып алыпты. Қазір ақауы бар жеделсатының жұмысы мүлдем тоқтатылды.


Кенжегүл Тергембаева, Астана қалалық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бас маманы:

-Біздің Төтенше жағдайлар департаментінен шұғыл топ құрылып оқиға орнына жіберілді. Онда алғашқы қарау барысында лифтің электронды тежегішінің істен шыққаны анықталды. Жаңағы тұрғын үй кешеніндегі лифтке «Қазинтерлифт» ЖШС қызмет көрсетеді. Осы төтенше оқиға бойынша қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр.