Астанадағы "Орбита" дүкеніндегі өрт қасақана жіберілген - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы "Орбита" дүкеніндегі өрт қасақана жіберілген - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Астанадағы "Орбита" дүкеніндегі өрт қасақана жіберілген - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі

Астанадағы "Орбита" дүкеніндегі өрт қасақана жіберілген. 13-қаңтар, бейсенбіде төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссияның отырысында жария етілген сараптама қорытындысында осылай делінген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1-қаңтарда Елордасындағы №2 ықшам ауданның бес қабатты бір үйінде өрт шыққан. Өрт туралы ақпар қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының кезекші пультіне 6 сағат 39 минутта келіп түскен. Үйдің бірінші қабатындағы «Орбита» дүкені тұтанды. Ресми мәлімет бойынша, өрт салдарынан ғимараттың бірінші қабаты толық өртеніп, 37 пәтер зардап шекті. Соның ішінде 28 пәтер зардап шексе, 11 пәтер толықтай өртеніп кетті. Баспанасыз қалған тұрғындар туыс-туғандары мен жатақханада орналастырылды. Қазір қалалық қызметтер зардап шеккен пәтерлерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарымен шұғылдануда.

Қ.Тарбаевтың айтуынша, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Мұхамбет Көпейдің басқаруымен өткен комиссия отырысында Астана қалалық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің бастығы Сәбит Қалмаханов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сансызбай Есіловтың баяндамалары тыңдалды. С.Есілов Елордасындағы өртке қарсы қадағалау проблемаларына, әсіресе, қаладағы базарлардағы ахуалға баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Перейти к новостям спорта