Астанадағы орталық саябақта Құрылысшылар күні тойланады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы орталық саябақта Құрылысшылар күні тойланады

Астанадағы орталық саябақта Құрылысшылар күні тойланады

Ертең, 9-тамызда Астанадағы орталық мәдени-демалыс саябағында Құрылысшылар күні тойланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Астана-жаңа қала" Еркін Экономикалық аймағының бас дирекциясынан хабарлады.

  • 8 Тамыз 2003
  • 1129
Фото - Caravan.kz

Елордасының Есілдің сол жақ жағалауындағы нысандарды салып жатқан таңдаулы компанияларға мақтау хатттары табыс етіледі.»»Өз ісінің кәсіби шебері» атты байқауға барлық ниет білдірушілер қатыса алады, жеңімпаздарға қомақты сыйлықтар тағайындалған «,- деп хабарлайды «Астана-жаңа қала» Еркін Экономикалық аймағының бас дирекциясы.

Мерекелік шаралар күні бойы жалғасып, саябақ төрінен уақытша ашылған сахнада көркемөнерпаздық ұжымдар концерт қояды.
Қазақстан құрылысшылары Қауымдастығының атқарушы дирекциясынан KZ-today тілшісіне хабарлауынша, еліміз бойынша құрылыс саласында 126 мың адам еңбек етеді екен.
Үстіміздегі жылдың бірінші жартысында еліміздегі құрылыс жұмыстары мен құрылыстық қызметтер ауқымы өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,2 проценке артып, 161,4 млрд. теңгені құраған. Жалпы алаңы 1 млн. 194 мың шаршы метрді құрайтын 6,5 мың құрылыс-ғимараттар тұрғызылды. Тұрғын үй құрылысы саласында 18,3 млрд. теңгенің инвестициясы игерілді. Бұл Бұл 2002-жыліы қаңтар-маусым айларындағыдан 40,9 процентке артық.
Барлық түрлі меншікке негізделген ұйым-кәсіпорындар мен тұрғындар жалпы аумағы 845,6 мың шаршы метрді құрайтын 6968 жаңа пәтер салды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17,5 процент артық. Ел көлемінде пайдалануға берілген жалпы тұрғын үй көлемінің ең жоғары үлес салмағы Оңтүстік Қазақстан облысының (18%), Алматы қаласының (15%), сондай-ақ, Атырау облысы мен Астана ( әрқайсысы 12%-тен) қаласының еншісінде.

Соңғы жаңалықтар