Астанадағы өрттің салдарынан Beeline абоненттері интернетсіз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы өрттің салдарынан Beeline абоненттері интернетсіз қалды

Астанадағы өрттің салдарынан Beeline абоненттері интернетсіз қалды

Астанада "Өркен" бизнес-орталығында орын алған өрттің салдарынан Beeline желілік интернетінің жұмысында ақаулар пайда болды. Оператордың торапты станциясына зақым келді. 

  • 18 Қыркүйек 2017
  • 198
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Facebook парақшасында Beeline бірлескен байланыс жөніндегі директоры Алексей Бендзь хабарлады.

"Бүгін Астанда Beeline желілік интернетінің жұмысында ақаулар байқалады. Бұл біздің кінәмізден туындаған проблема. Өздеріңіз білетіндей, түнде «Өркен» бизнес-орталығының ғимаратында өрт болды. Біздің торапты станциямыз сол жерде орналасқан. Ақпарат құралдары хабарлағандай, өрт "Драфт" дәмханасында тұтанып, ғимараттың шатырына таралды. Өрт сөндірушілерге деген алғысымз шексіз, олар өртті дер кезінде ауыздықтады. Алайда, дәл осы сәтте бизнес-орталық тоқ көзінен ажыратылған.  Оқиға орнында сарапшылар жұмыс жасауда.  

Beeline техникалық қызметіндегі әріптестер интернет жұмысын тез арада қалпына келтіру үшін жұмыс жасап жатыр. Мен сіздерге хабардар етіп отырамын", — деп жазды Бендзь.


"Драфт" дәмханасындағы өрт 2017 жылы 17 қыркүйек күні сағат 22.49  кезінде орын алды. Дәмхананың ас бөлмесіндегі сорғыштан өрт шығып, ғимараттың шатырын жалын шарпыған.

Ғимараттан 40 адам қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ.