Астанадағы парламент үйінде еліміз парламентшілерінің Еуропалық парламентке жасаған сапарының қорытындысы жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы парламент үйінде еліміз парламентшілерінің Еуропалық парламентке жасаған сапарының қорытындысы жарияланады

Астанадағы парламент үйінде еліміз парламентшілерінің Еуропалық парламентке жасаған сапарының қорытындысы жарияланады

Ертең, 8-шілдеде мәжіліс төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей баспасөз мәслихатын өткізіп, онда еліміз парламентшілерінің Еуропалық парламентке жасаған сапарының қорытындысын ортаға салады. Бұл туралы ҚР парламенті мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2003
  • 653
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей бастаған ресми өкілдер шілденің 2-3 жұлдызында Страсбург қаласында өткен парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» атты 4-отырысына қатысып қайтқан болатын. Қазақстандық өкілдердің арасында сенат депутаттары Ермек Жұмабаев, Уәлихан Қайсаров, Еділбай Иманқұлов, мәжіліс депутаттары Асқар Қабанбаев, Төлеубек Қосмамбетов, Рахмет Мұқашев, Рауан Шаекиндер болды.

Еуропалық парламенттің өкілдерін Орталық Азиялық Республикалармен байланыс жөніндегі делегация төрағасы А.Ди Пьетро басқарды.
Отырысқа Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақтағы елшісі Төлеутай Сүлейменов қатысты.
Сапар аясында Еуропалық парламент басшыларының қатысуымен бірқатар хаттамалық шаралар өткізілді.
«Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» атты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеттің кезекті отырысы 2004-жылы елімізде өтетін болып келісілді.

Соңғы жаңалықтар