Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайы спорттық шаралар өткізуге арналған үздік мұз айдыны - Мәскеу - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайы спорттық шаралар өткізуге арналған үздік мұз айдыны - Мәскеу

Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайы спорттық шаралар өткізуге арналған үздік мұз айдыны - Мәскеу

Мәскеуде өткен «Мұз айдындарының күндері» халықаралық конгресінде астаналық «Қазақстан» спорт сарайы спорттық шаралар өткізуге арналған үздік мұз айдыны деп танылды. Бұл туралы елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Тамыз 2010
  • 776
Фото - Caravan.kz

Шілденің 29-ы мен тамыздың 1-і аралығында Мәскеуде «Ресей — спорттық держава» халықаралық спорттық форумы өтті. 1980 жылғы ХХІІ Олимпиада ойындарының 30 жылдық мерейтойы тойланған осынау форумға әлемнің 42 елінен делегациялар қатысты. Осынау форумның аясында «Мұз айдындарының күндері» бірінші халықаралық форумы өтіп, оған Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайының өкілдері де қатысты.

Конгреске қатысып келген «Қазақстан» спорт сарайы директорының орынбасары Ержан Сәдуақасовтың айтуынша, «бұл — мұз айдыны мен «Қазақстан» спорт сарайының барлық қызметкерлерінің жұмыстарына беріліп отырған жоғары баға».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера