Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыран құлады. Бір жұмысшы қаза тауып, бес адам жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыран құлады. Бір жұмысшы қаза тауып, бес адам жараланды

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыран құлады. Бір жұмысшы қаза тауып, бес адам жараланды

Бүгін, 3-маусымда Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыран құлау салдарынан оқиға орнында бір жұмысшы қаза тауып, бес адам жараланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі оқиға орнынан.

  • 3 Маусым 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

Жұмысшылардың айтуынша, осыдан бір жарым сағат бұрын, түскі ас кезінде олар құрылыс алаңында Қытайдан әкелінген шығыранды құрастырып жатқан кезде оның көтергіш тетігі құлап, адамдарды басып қалған. Тірі қалған бес құрылысшы ауыр жағдайда ауруханаға жөнелтілді.

Төтенше оқиға болған жердегі элиталық тұрғын үй құрылысын Түркияның «Хоризон дыш тиджарет отомотив иншаат ЛТД» компаниясы салып жатыр.
KZ-today тілшісіне компаниядағылар телефон арқылы қазір оқиға орнында осы кәсіпорынның қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері жұмыс істеуде деп хабарлады. Компаниядағылардың айтуынша, оқиғаға қатысты түсініктемені сол кісі беруге тиіс. Алайда журналистер мен жұмысшыларға әзірге ешкім шығып жауап берген жоқ.

Перейти к новостям спорта