Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыранның құлауы монтаждау кезіндегі қателіктен болған - құрылыс компаниясының жетекшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыранның құлауы монтаждау кезіндегі қателіктен болған - құрылыс компаниясының жетекшісі

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыранның құлауы монтаждау кезіндегі қателіктен болған - құрылыс компаниясының жетекшісі

Астанадағы құрылыс алаңдарының бірінде шығыранның құлауы монтаждау кезіндегі техникалық қателіктен болған. Бұл туралы Түркияның "Хоризон дыш тиджарет отомотив иншаат ЛТД" компаниясының коммерциялық директорымын деп өзін таныстырған Иса Султыков есімді өкіл журналистерге мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Маусым 2005
  • 571
Фото - Caravan.kz

И.Султыковтың айтуынша, шығыранды монтаждау үшін құрылыс алаңына арнаулы топ шақырылған. Шығыранды құрастыру барысындағы техникалық қателік салдарынан екі шығыран бірінін үстіне бірі құлаған. И.Султыковтың айтуынша, алты адам зардап шеткі. Олардың бірі әл үстінде көрінеді. Компания жетекшісі бір жұмысшы қайтыс болды деген деректі жоққа шығарды.

И.Султыков сонымен бірге барлық зардап шеккендерге компания ақшалай өтемақы береді деп сендірді. Алайда төлем мөлшерін ол «коммерциялық құпия» деген сылтаумен жария етуден бас тартты.
Қазір оқиға орнында Астана қалалық ішкі істер департаменті мен төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге құрылыс алаңына Астана қаласы әкімінің орынбасары Сансызбай Есілов келді. Құрылыс алаңына журналистер жіберілмей отыр.
Астана қалалық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бастығы Мұратбек Құмарбековтың журналистерге берген түсініктемесіне сәйкес, қазір полиция алдын-ала тергеу жүргізуде. «Еңбек министрлігінің мемлекеттік инспекциясы оқиғаға қатысты өз қорытындысын беруге тиіс. Кінәлілер осыдан кейін барып жауапкершілікке тартылады. Егер ондайлар табылып жатса»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін түскі сағат 13 шамасында Астанадағы «Алтын Жиек» атты 118 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңында шығыран құлау салдарынан бір жұмысшы қаза тауып, бес адам жараланды. Төтенше оқиға болған жердегі элиталық тұрғын үй құрылысын Түркияның «Хоризон дыш тиджарет отомотив иншаат ЛТД» компаниясы салып жатыр.
Тірі қалған бес құрылысшы ауыр жағдайда ауруханаға жөнелтілді.
Құқық қорғау мекемелерінің өкілдері бір адамның қаза табу дерегін растады. Олардың айтуынша, құрылысшы Астананың темір жол ауруханасында көз жұмды.

Перейти к новостям спорта