Астанадағы республикалық кеңесте Қазақстанның энергетикалық саласын дамыту мүмкіндіктері саралануда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы республикалық кеңесте Қазақстанның энергетикалық саласын дамыту мүмкіндіктері саралануда

Астанадағы республикалық кеңесте Қазақстанның энергетикалық саласын дамыту мүмкіндіктері саралануда

Бүгін, 11-шілдеде Астанада энергетиктердің "Энергетика саласын дамыту : міндеттер, проблемалар мен оларды шешу жолдары" атты республикалық кеңесі ашылып, оған қатысушылар Қазақстанда энерегетика саласын дамытудың өзекті мәселері, жылу және электр энергиясын шығару, жалғастыру және тарату, жылумен қамтамасыз ету салаларындағы тауқыметтерді шешу жолдары туралы талқылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2003
  • 535
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі энергетикалық компаниялар өкілдерінің айтуынша, реформалардың оңды нәтижелері көп болғанымен, саланың қазіргі даму сатысында шешілуге тиіс қиындықтар да шаш-етектен. Атап айтсақ, рыноктағы субьектілердің ара-қатынасын реттейтін құқықтық-нормативтік негіздерді жетілдіру; нормативтік-техникалық мүмкіндіктерді арттыру ; рынокты ақпараттық және техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру ; техникалық қайта жарақтауға жұмсалатын қаржылық құралдар ауқымын кеңейту ; инвестициялық ахуалды жақсарту .

Кеңесті ашып сөз сөйлеген ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник энергетика саласын дамыту — әр ел үшін стратегиялық маңызды даму бағдары болып табылады деп атап көрсетті.
Кеңес жұмысы мынадай төрт бағытта жүргізілуде : электр энергиясын шығару проблемалары ; электр энергиясын жеткізу және тарату , жылу энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері ; электр қуатын өндіру саласындағы заңды және нормативтік-техникалық құжаттар жобасын жасау және жетілдіру пролемалары.
Шараның соңында республикалық энергетиктер Кеңесіне қатысушылар осы саладағы қиындықтарды шешуге қолұшын беру жөнінде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың атына мәлімдеме жолдайды деп күтілуде.
Кеңеске Қазақстанның электрэнергетикалық Қауымдастығына мүше энергетикалық компаниялардың , электр қуатын өндіру саласының жұмысына атсалысушы ұйымдардың өкілдері мен ҚР ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігінің, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Кеңесті Қазақстанның электрэнергетикалық Қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Соңғы жаңалықтар