Caravan Logo

Астанадағы республикалық клиникалық ауруханада дүниежүзінде тұңғыш рет жұлынның нерв клеткаларын трансплантациялау операциясы жүзеге асырылды

Астанадағы республикалық клиникалық ауруханада дүниежүзінде тұңғыш рет  жұлынның нерв клеткаларын трансплантациялау операциясы жүзеге асырылды

Операция жасатқан науқастың қол-аяқтарын сезінбегеніне екі жылдан асыпты. Ол 10 жылдан бері жұлыны қатып-сему дертінен зардап шеккен көрінеді. Операцияны 31-шілдеде ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев өз қолымен жасады. Жұлынның нерв жасушаларын алмастыру операциясы табысты өтуінің арқасында науқастың қазіргі жағдайы жақсарып қалған көрінеді.

А.Байгенжиннің айтуынша, Қазақстандық ғалымдар бірнеше жыл бойы айналысқан жаңа әдіс балалардың сал ауруы, шашыраңқы склероз, Паркинсон және Альцгеймер дерттері мен омыртқаның күрделі ақауларын емдеуге мүмкіндік береді.