Үкімет басшысының бірінші орынбасары бөнетті салып бітіру 2011 жылға межеленгенін еске салды.
Астананы тасқыннан қорғауға бағытталған бөгеттің құны 13 млрд теңгені құрайды, деді орынбасар.
«Биыл 900 млн жуық теңге бөлінеді, соның есебінен біз бірнеше айда арық тарту жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын боламыз», — деді Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун.
ТЖМ ақпаратына сәйкес, қорғаныс бөгеттің ұзындығы 31,1 шақырым, биіктігі — 10 метр, реттеу сыйымдылығы — 450 млн текше метрге тең. Бас гидроқұрылғының өткізгіштік қабілеті секундына 450 текше метрді құрайды. Нысан құрылысына 405 адам мен 284 арнаулы техника жұмылдырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today
Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.