Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды

Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды

Астанадағы травматология және ортопедия ҒЗИ-інде құны Т2,7 млрд жаңа операциялық корпус ашылды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 16 Шiлде 2011
  • 727
Фото - Caravan.kz

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгін Астанада ҚР денсаулық сақтау министрлігінің травматология және ортопедия ҒЗИ-інде жаңа 4 қабатты операциялық корпус ашылды», — делінген баспасөз қызметінің жұма күні таратқан ақпаратында.

Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, операциялық корпустың жалпы аумағы 8 726 ш.м, жобаның құны — Т2,682 млрд.

Жаңа операциялық корпустың ғимаратына қабылдау-диагностика, операциялық, анестезиология, жансақтау және қарқынды терапия, орталық стерилизациялық бөлім мен кір жуатын бөлімдер кіреді.

«12 орындық анестезиология мен жансақтау бөлімі заманауи наркоз-тыныс алу аппаратурасымен, кез-келген күрделі анестезиологиялық әдістемелер жасауға арналған мониторлармен жабдықталған», — делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Операциялық блокта 9 зал бар, ол да микрохирургиялық техникамен, ірі буындарға, омыртқаға операция жасауға арналған эндоскопиялық жабдықтармен жабдықталған.

Статистикаға сәйкес, жылда республикада 600 мың адам түрлі жарақат алады.

Соңғы жаңалықтар