Астанадағы турнирге әлемнің 11 елінен 89 былғары қолғап шебері қатысуда - С. Қонақбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы турнирге әлемнің 11 елінен 89 былғары қолғап шебері қатысуда - С. Қонақбаев

Астанадағы турнирге әлемнің 11 елінен 89 былғары қолғап шебері қатысуда - С. Қонақбаев

Бүгін, сейсенбіде елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасында II халықаралық турнир басталды.

  • 13 Қыркүйек 2011
  • 663
Фото - Caravan.kz

Бүгін, турнирдің ашылуына арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті, АИБА атқарушы комитетінің мүшесі Серік Қонақбаевтың мәлім еткеніндей, Астанаға әлемнің 11 елінен 89 былғары қолғап шебері келіп отыр.

«Қазақстан бұл турнирде бокстан әйелдер ұлттық құрамасының негізгі құрамымен қатар, облыстық жарыстарда мамандардың көзіне түскен спортшыларды да ұсынып отыр. Олар қазіргі уақытта әйелдер боксының аяқ-алысы жақсы дамып келе жатқан өңірлерден, Астана, Алматы қалаларынан, Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және ОҚО-нан жасақталған», — деді С. Қонақбаев.

Бокстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюктің атап өткеніндей, ұлттық команда жарысқа жақсы даярлықпен келіп отыр. Бұл турнир Қытайда өтетін Әлем біріншілігінің алдында құрама дайындығын тағы бір пысықтап алатын үлкен мүмкіндік болмақ. Бапкердің айтуынша, дода қорытындысы бойынша, құрама тактикасына тиісті түзетулер енгізіледі.

«Бокстан Әлем біріншіліктерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Астана-2011 халықаралық турниріне бақ таластыра келіп отыр. Сондықтан біздің боксшы қыздарымызға шаршы алаңда оңай болмасы анық», — деді бас бапкер.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера