Астанадағы VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форум өз жұмысын резолюция қабылдаумен аяқтады
![]() |
Астанада VII Дүниежүзілік ислам экономикалық форум (ДИЭФ) өз жұмысын аяқтады. |
«Форум келесідей негізгі басымдықтарды қабылдауды ұсынады: мемлекеттік секторда да, жеке секторда да сапалы мемлекеттік басқаруды институционалдандыру керек», - деп резолюция мәтінін халықаралық консультативтік кеңес өкілі Ян Бакан форумның бейсенбі күнгі жабылу рәсімінде оқып берді.
Сондай-ақ форум қатысушыларына бүкіл дүниежүзіндегі мұсылман ислам мемлекеттерінің арасында аймақтық және субрегиондық негізде сауданы, инвестицияны, білімді, мәдениет пен еңбек ресурстардың ағымын либералдандыруға шаралар қабылдау ұсынылды. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, халал өндірісін дамыту ұсынылды.
Резолюция сондай-ақ ислам банк ісі мен қаржыландыру жүйесін дамыту және реттеуді үйлестіруді ұсынды. Оның ішінде шағын несиелік, инновациялық, бәсекелестікті, ынтымақтастықты дамыту ұсынылды.
«Форум Қазақстан Республикасының ғылыми технологиялар мен білім кластерін құру бастамасын қолдап және ҚР-дың форумдар арасындағы үзілісте қол жеткізген жыл сайынғы прогрессі туралы есебін ұсынып тұру мәлімдемесін қолдайды», - делінген құжатта.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін