Астанадағы жаңа үйлер жаңбырға төтеп бере алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы жаңа үйлер жаңбырға төтеп бере алмады

Астанадағы жаңа үйлер жаңбырға төтеп бере алмады

Сырты бүтін, іші түтін! Астанадағы жаңа үйлер жаңбырдан кейін суға толды. Ылғалдан жоғары қабаттарда орналасқан пәтерлердің төбесі құлап жатыр. Тұрғындардың айтуынша, апатқа сапасыз жұмыс жүргізген құрылысшылар кінәлі. Алайда бұл үйлерді салған компания өкілдері олқылықтарын жоюға асығар емес.

  • 22 Шiлде 2011
  • 503
Фото - Caravan.kz

Жаңа үйдің жаңбырдан кейінгі жағдайы мынау. Төбесі қирап, қабырғаларын су басты. Өткен тәуліктен бері тұрғындар заттарын құтқарумен әлек. Пәтердегі жөндеу болса, құрдымға кетті.

Нұрзипа Мұқанова, Астана қаласының тұрғыны:

— Күні бойы жаңбырдың астында отырдық. Мына аққан су лестницадан 1-этажға дейін барды, 8-этаждан сарқырап, өзен болып ақты!

Бұл тұрғын үй 4 жыл бұрын ғана пайдалануға беріліпті. Сол уақыттан бері оған қызмет көрсетуші ұйым құрылысшылармен келісе алмай дал. «Таразгорстрой» өкілдері КСК мамандарын шатырдағы құбырларды тазаламады десе, кооператив керісінше сілтейді.

Әбдіқадыр Үшатов, «Тұрмыс» ЖШС бастығы:

-Төтенше жағдайлар қызметі, әкімдік, Құрылыс департаменті бәрі болған осында, көрген. Сыртқы кірпіштерінің бәрі құлады былтыр. Шатыр дұрыс жасалмаған. Осы апат содан болып отыр.

Сапасыз құрылысқа өзге астаналықтар да шағымдануда. Сыртынан жарқырап тұрған ғимараттар жаңбырға шыдамай, сыр береді.


Роза Бексейітова, Астана қаласының тұрғыны:

-Осы міне түнімен балалар ұйықтайды, мен түнімен жүрем мына суды жинап жүрем! Гарантия әлі бір жылға дейін бар, наурыз айына дейін. Соны әлі ешкім істемейді!

Қиындықтарды элиталық аудан өкілдері де көріп отыр. Сол жағалаудағы «Версаль» деген әдемі атауға ие тұрғын үй кешенінде төбеден аққан су көлік тұрағына дейін жетті. Ал жоғары қабаттарда электр желілері зақымданып, адам өміріне қауіп төндіруде.

Бүгінде бас қаладан пәтер сатып алу арзанға түспейді. Бір шаршы метрінің бағасы орташа есеппен 140 000 теңгеден асады. Алайда құрылыс материалдарының сапасы көбінесе көңіл көншітпейді. Сондықтан бірінен кейін бірі бой көтеріп жатқан әсем ғимараттардың мұндай қалыппен қанша уақытқа шыдайтыны беймәлім.

Соңғы жаңалықтар