Биылғы бас сыйлық ашылғанына тек 5 жыл өткен Астанадағы «Жастар» театрының ұжымына бұйырды. Сонымен қатар олардың «Ревизор» қойылымы «Ең үздік спектакль» аталымы бойынша бірінші орын алды.
«Біз фестивальге Николай Гогольдің классикалық шығармасы «Ревизорды» апардық. Ол шығарманы мүлдем бөлек қойып шықтық, жастарға арнап жасадық, сюжеті сол болғанмен, мақамы өзгеше. Спектакль аздап мюзиклға жақын болды. Біз орыстардың емес, өзіміздің менталитетке жақын етіп жасауға тырыстық», — деп атап көрсетті театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрқанат Жақыпбай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Байқау 16-23 қыркүйек аралығында Орал қаласында өткен болатын. Оған 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан отандық театр ұжымдары қатысты.