Астанадағы жер аукционына қатысушылар жер телімдерінің бағасы арзандайды деп күтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы жер аукционына қатысушылар жер телімдерінің бағасы арзандайды деп күтуде

Астанадағы жер аукционына қатысушылар жер телімдерінің бағасы арзандайды деп күтуде

Бүгін, 16-тамызда Астанада өткізілген аукционда әрбіреуінде 0,1 гектардан жері бар 3 жер телімі сатылды. Тілендиев даңғылының бойында орналасқан жер учаскелерінің қорытынды құны 1,5 млн. теңге маңында ауытқыды. Бұған дейінгі аукционмен салыстырғанда жеке меншік үй салуға арналған жер телімдерінің бастапқы бағасы 2,3 млн. теңгеден 1,3 млн. теңгеге дейін арзандағандықтан, бүгінгі сатып алушылар қарайлау ұстанымына ден қойды. Бұл туралы аукцион қорытындысы жайында журналистерге түсініктеме берген қалалық мәслихат депутаты, Астана қалалық жер телімдерін иемденуге құқық беру жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жаңбыршы Нүркенов хабарлады.

  • 16 Тамыз 2004
  • 895
Фото - Caravan.kz

Сатып алушылар бастапқы баға бұдан да арзандайды деп күтуде. Алайда, Ж.Нүркеновтың пайымдауынша, өткен аукционда сатылмай қалған, бірақ, 6 айдан кейін қайтадан сауда-саттықа салынуы мүмкін жер телімдерінің бастапқы құны бұдан былай қымбаттай бермек. «Осы 6 айдың ішінде аталмыш учаскелерге жол және басқа да коммуникациялар тартылып, инфрақұрылым қалыптасатындықтан, баға қымбаттайтыны сөзсіз»,- деді депутат.

Бүгінгі аукционға Көктал-2 ауылы, «Оңтүстік-шығыс» ақшамауданы мен Тілендиев даңғылының бойында орналасқан, жеке меншік үй салуға арналған 15 жер телімі шығарылды. Әрбір жер телімінің көлемі 0,1 гектарды құрайды, бастапқы құн Көктал-2 ауылында 1,24 млн. теңге, Тілендиев даңғылының бойында 1,37 млн. теңге аралығында қалыптасты. Аукцион ағылшын әдісі бойынша өткізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанадағы бұған дейінгі аукционда аталмыш аудандардағы жер телімдерінің 70 проценті сатылған.

Перейти к новостям спорта