Астанадағы лифттердің бірінде жасөспірім 5 жастағы баланы пышақтап тастаған - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадағы лифттердің бірінде жасөспірім 5 жастағы баланы пышақтап тастаған

Астанадағы лифттердің бірінде жасөспірім 5 жастағы баланы пышақтап тастаған

Қазір баланың жағдайы ауыр.

  • 12 Ақпан
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Гүлбану Әниятқызы мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Астанадағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтте 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған. Жеткіншекті полиция ұстады. Белгілі болғандай, пышақ ұстаған жасөспірім психдиспансерде тіркеуде тұрады екен.

«Дүкенге шыққан бес жастағы бала үйіне қансырап келген. Қазір ауруханада, дәрігерлер жағдайы ауыр деп жатыр. Енді өмір бойына стресс алды. Екінші видеода тағы бір қызға тиісіпті ауру бала. Құдай сақтап, кішкентай қызға ештеңе істемеген. Қазір түрлі адамдар көбейген, қауіпті заман болды. Баланы жалғыз жібермеңіздер. Лифтіге жалғыз мінбесін. Көктем келсе мұндай науқас жандардың ауруы қозады. Абай болайық!», — деп жазды ол.

Перейти к новостям спорта