Астанадан «түнгі көбелектер» тағы қуылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 519.58
  • 609.36
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанадан «түнгі көбелектер» тағы қуылып жатыр

Астанадан «түнгі көбелектер» тағы қуылып жатыр

Астанадан «түнгі көбелектер» қуылып жатыр. Бұл жолы полицейлер жезөкшелердің негізгі ордасына айналған Елордадағы сауналарды сүзіп шықты.

  • 19 Ақпан 2013
  • 843
Фото - Caravan.kz


Жезөкшелермен жын-ойнақ құрмақ болған мына екі жігіттің жолы болмады. Ойындағысын жүзеге асырғалы жатқанда тосыннан полиция кіріп келді. Астананың монша мен сауналарын жағалап тәнін саудалап жүрген қыздарың көбісі өрімдей жас. 18-23-тегі бойжеткендер әке-шешем, туысқаным көріп қалмасын деп беттерін тұмшалап алған. Кейбірі тіптен арланбайтын секілді. Рейд кезінде 53 жезөкше ұсталды. Оның жиырма бірі Өзбекстан мен Қырғызстан азаматшалары. Енді олар елдеріне кері қайтарылады. Әкімшілік жауапқа жеңгетайлар мен бойжеткендерді тапсырыс бойынша тасыған такси жүргізушілері де тартылады.