АСТАНА-ЭКСПО-2017 жобасын ілгерілету кампаниясы мәресіне жақын - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АСТАНА-ЭКСПО-2017 жобасын ілгерілету кампаниясы мәресіне жақын

АСТАНА-ЭКСПО-2017 жобасын ілгерілету кампаниясы мәресіне жақын

Парижде ҚР Үкіметінің ұйымдастыруымен Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) жанындағы мүше елдердің өкілдерімен достық кездесу өтті.

  • 12 Қараша 2012
  • 427
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесін өткізу құқығына ие болуына бағытталған.

Қазақстан табиғи ресурстар байлығына ие бола отырып, Еуразиялық континенттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрақтылық пен бекем дамуды нығайтуға қомақты үлесін қосып отыр.

Елші Нұрлан Дәненов Францияда тіркелген дипломатиялық корпусқа, энергетика және экология саласында жұмыс атқаратын еуропалық компанияларға, сондай-ақ масс-медиа өкілдеріне арналған сөзінде атап өткендей, Астананың кандидатурасы ұсынылғалы бері ынтымақтастық белсендіріле түскен елдердің географиясы кеңейді, ал жобаның өзі өзектілігіне және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде ерекше маңыздылығына орай ҚКБ жанындағы делегаттардың үлкен санының қолдауына ие болды.

Баламалы энергетиканы дамыту мәселесі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың сөзінің ой өзегі болды. «Жасыл көпір» атты қазақстандық бастама мен еліміздің және халықаралық қоғамдастық жігерінің конвергенциясына айрықша ден қойылды. Атап айтқанда, 2012 жылды БҰҰ «Барша үшін тұрақты энергетиканың халықаралық жылы» деп жариялады. «Қазақстан таңдаған «Болашақ энергиясы» тақырыбы біздің «жасыл» экономикаға және тұрақты энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуына деген ұстанымымызды көрсетеді» — деді ол.

Шара шеңберінде, министр Н.Қаппаров және «ЭКСПО-2017» Ұлттық Үйлестірушісі, ҚР СІМ Жауапты хатшысы Р.Жошыбаев бірқатар Африка және Латын Америкасы елдерінің ХКБ жанындағы бірнеше елшілері мен делегаттарымен екіжақты кездесулер өткізді. Олар Қазақстанның экономикалық потенциалы мен энергетикалық және табиғатты қорғау салаларындағы тәжірибесін ескере келе ынтымақтастық құру мүмкіншілігін талқылауға қызығушылық білдірді. Атап айтқанда, Астана-Экспо-2017 жобасының маңызды мақсаттарының бірі индустриялды дамыған, дамудағы және төмен дамыған елдердің қатысуымен әлемдік ынтымақтастықты ұлғайту. Осы ретте, Оңтүстік-Оңтүстік векторына айрықша назар аударылды.

Шараға қатысушылар арасында жақында ғана Қазақстанда болып кеткен белгілі француз актері Венсан Перес болды. Ол өз сөзінде біздің елге ғашықтығын білдіріп, азаматтарымыздың ашықтығы мен қонақжайлығына, сондай-ақ экономикамыздың қарқынды дамуына үлкен ризашылық білдірді. В.Перес Астанаға, ЭКСПО-2017 қатысумен қоса, қолайлы жағдай туатынына үмітін білдірді.

Қазақстандық делегацияның Парижде болуы шеңберінде Р.Жошыбаевтың, Н.Дәненовтың қатысуымен, ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен жуық арада өтетін осы ұйым Бас Ассамблеясы 152-ші сессиясының мәселелері бойынша кездесуі болды.

Соңғы жаңалықтар