Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.
«Бүгін түнде сағат 01:44 минут шамасында Целиноград ауданының Ақмешіт ауылының маңынан өтетін «Астана-Ерейментау» тас жолының бойында «ВАЗ -06» жеңіл көлігі жол апатына ұшырап, екі адам көлік ішінде қыстырылып қалды. Оқиға орнына жеткен жол-патрульдік полиция қызметкерлері апатқа ұшыраған көліктің ішінен 1997 жылы туылған екі адамды алып шықты. Зардап шеккендердің екеуі де Астана қаласындағы медициналық мекемеге жатқызылды.