Бұл туралы шараның ұйымдастырушысы аталмыш оқу ордасының «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы хабарлап отыр. Шара «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының қолдауымен іске асты.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Астанада тұңғыш бастама көтерген Қазақстан-Ресей университеті «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығы Астана қаласы оқу ордалары мен қала жұртшылығының мақтанышына, ел руханиятына айналды. Атқарылып жатқан бағдарламаның негізінде Абай шығармашылығына байланысты байқаулар мен ғылыми-танымдық сабақтарды ұйымдастыру дәстүрге енген. Орталықтың негізгі мақсаты — Абай шығармасы мен мұрасын бір жүйеге түзеп, елорданың жастарының назарын ұлы ақынның шығармашылығына аударту. 1942 жылы Мұхтар Әуезов негізін салып кеткен «Абайтану» курсы 70 жылдан кейін осы орталық арқылы қайта жаңғырып, жұртшылықтың назарын аударды.