10-16 мамыр күндері аралығында барлық жанкүйерлер фортепиано өнерінің Һас шеберлері, әлемдік жұлдыздардың өнерлерін тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы аstana.kz сайты хабарлап отыр.
Классика музыкасының Бірінші халықаралық фестивалінің және «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауының «Іс-шаралар бағдарламасы» жарияланып үлгерді. Астананың ірі концерт залдарында: Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі Павел Нерсесьян (12 мамырда), Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірова (13 мамырда), Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев (14 мамырда) өнер көрсетеді.
Жас музыканттарға 15 мамырда Ирландия корольдігі музыка академиясының, Shenandoah консерваториясы мен Showa музыка академиясының профессоры Джон ОКоннор шеберлік-дәрісін өткізеді. Ресейдің Еңбек сіңірген әртісі, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валерий Пясецкийдің шеберлік-дәрісіне жас пианистер 11 мамырда ҚазҰӨУ залдарында қатыса алады.
Біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыздар
![]()
Аstana.kz сайтының хабарлауынша, байқауға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерінің жұмыс кестесі өте тығыз, экскурсия мен ойын-сауық бағдарламалары да аз емес. Фестиваль мен байқаудың ұйымдастырушылары — Астана қаласының әкімдігі мен «Accordi di Astana» қоғамдық қоры. Орталық Азиядағы ірі музыкалық байқау талантты балаларды қолдап, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайту болып табылады. Сонымен қатар, бұл орындау өнері әдістемелерінде халықаралық дәрежеде тәжірибе алмасып, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және елімізде кәсіби музыкалық білім деңгейін көтеруге оң ықпал етеді.
Жас пианистер байқауының жеңімпаздарын үлкен жүлделер күтіп тұр. Бұған дейін хабарланғандай, бәсекенің жалпы жүлде қоры — 50 мың АҚШ доллары. Қатысушылардың Қазақстан ұлттық музыкасымен тереңірек танысуы үшін байқаудың Бірініші туры бағдарламасына қазақ композиторларының шығармаларын міндетті түрде орындау енгізілген. Осы шығармаларды үздік орындағандарға арнайы жүлде тағайындалды. Классика музыкасының Бірінші халықаралық фестивалі мен «Astana Piano Passion» жас пианистер байқауының толық бағдарламасымен байқаудың http://astana-app.kz/ru/ ресми сайтында танысуға болады.