Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды

Астанаға іссапармен келген басшының неден көз жұмғаны белгілі болды

Тұрғымбаев департамент басшысының орынбасары астанаға норматив тапсыру үшін келіп, өзіне қол салғанын атап өтті

  • 1 Қазан 2019
  • 39
Фото - Caravan.kz

 Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Нұр-Сұлтанға іссапармен келіп, өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы бүгін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өз-өзіне қол жұмсады. Тексеріс жүріп жатыр. Бізде көз жұмған, жарақат алған барлық қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі", — деді министр үкімет кулуарында.

Тұрғымбаев ер адамның астанаға норматив тапсыру үшін келгенін атап өтті. Норматив үш жылда бір тапсырылады екен.


Бұған дейін БАҚ-та Александр Глазконың денесі елордадағы қонақ үйлердің бірінен табылғаны хабарланған еді.

Ол қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметін 2002 жылы бастаған. 2017 жылдың ақпанынан Қостанай облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары болды.

 

Соңғы жаңалықтар