Астанаға келіп жуасып қалған Кулагин енді халыққа дауыс көтермеуге уәде берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға келіп жуасып қалған Кулагин енді  халыққа дауыс көтермеуге уәде берді

Астанаға келіп жуасып қалған Кулагин енді халыққа дауыс көтермеуге уәде берді

Шағым айтқан жұртты «орныңа қоямын» деп қорқытатын Сергей Кулагин Астанаға келіп жуасып қалды. Елордада тікелей эфирде есеп берген Ақмола облысының әкімі өз кабинетінде калачиліктерге жекігенін мойындап, онысына ұялғанын айтты. Бірақ, ұйқы ауруымен танылған ауылды қалайда көшірмек. Десек те, мемлекет көрші ауданнан жаңадан үй салып берсе де, жүздеген отбасы қоныс аударудан бас тартып отыр.

  • 18 Қараша 2015
  • 536
Фото - Caravan.kz

Жыл соңында әкімдердің Астанаға кеп есеп беруін бүгін бірінші боп қызуқанды Кулагин бастады. Сондықтан орталық коммуникация қызметіндегілер дүрлігіп жүр. Ал тікелей эфирде тындырған шаруасымен мақтанған Ақмола облысының әкімі он айдағы облыстың жетістігін жырлап жағы талды. Бірақ, оптимизмге толы баяндамадағы аймақтың екінші қырын тілшілер көзге шұқып көрсетті. Алдымен журналистер Кулагиннің калачиліктерді қорқытып, кабинетінен қуып шыққанын бетіне басты.

сли будете баламутить, я вас на место поставлю. Имейте в виду я как аким говорю.

Кулагин «Калачиден көшкіміз келмейді» деп алдына көмек сұрап келгендерге дауыс көтеріп, ашуланғанын мойындап отыр. Тіпті  ұялғаны соншалық, «бұл қылығым аймақтың әкімі деген атына жараспайтынын» айтып барынша ақталды.

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:

-Бұл арандату болған.  Бірақ мен сыпайы сөйлеуім керек еді. Дауыс көтеруім әкім ретінде маған сын. Мұндай жағдай  енді қайталанбайды.

Оқушы құсап енді халыққа дөрекі сөйлемеймін деп ант су ішкен әкім кейін интернетте өзіне ақпараттық шабуыл басталғанын айтып таңқалдырды. Бұл жерде драма театр әртістерін моншаға шақырып алып, қойылым тамашалады дегенді меңзесе керек. Алайда, моншадағы шоуды сол күйі мойындаған жоқ.

Сергей Кулагин, Ақмола облысының әкімі:

Мұның бәрі жалған. Ол күні менің қайда болғанымды көрген жүздеген адам бар. Бұл оқиғаның түбі таза емес. Ғаламторды шулату үшін жасалған арандату. Жұмысым бастан асып жатқанда қайдағы монша?

Елді шулатқан сөздеріне жауап берген Кулагин қысы қатты облыстың тұрғындарын аязда тоңдырмаймын деп уәде етті. Сөзіне сенсек, жаңа құрылыстардың бәрін тегіс тоқтатып, ақшаны құбырларды жөндеуге бөлген.

Негізі Астанаға іргелес жатқан астықты аймақ бас қаламен ілесіп дамып отыруы тиіс. Ал бір сағаттан астам уақыт тілшілер алдында ақталудан көзі ашылмаған Кулагин соңында қазақша да сөйлеймін деп мақтанды. Алайда, қазақша қойылған бір сұраққа да жауап қайтара алған жоқ.

-Мен қазақша білемін, аздап. Если понадобится.

Ақмола облысын екінші рет басқарып отырған Сергей Кулагин қазақшаны қажетсінсе ғана сөйлейді екен. Бір қызығы, кабинетінде жұртқа жекитін ол Астанаға кеп жуасып қалыпты. Дегенмен ұйқы ауруымен танылған Калачидегі 140 отбасы қарсылық танытса да, олардың қалайда көшуі тиіс екенін қадап айтты. 

Соңғы жаңалықтар