Астана қаласы ІІД Көші-қон басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Қазақстанның басқа облыстарынан Астанаға — 41 620 азамат қоныс аударды. Бұл жайында елорданың ресми сайтында хабарланған.
Атап айтқанда, 81 278 шетелдік азамат уақытша тіркелген. Алыс шетелдерден уақытша келетіндер санын негізінен түрік азаматтары құрайды — 7 117, ҚХР — 3 733.
ТМД елдері: Ресей Федерациясынан — 16 112, Өзбекстаннан — 30 999, Қырғызстаннан — 11 379, Әзірбайжаннан — 3 457 азамат келген.