Астанаға он айда басқа облыстардан қанша адам келді? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанаға он айда басқа облыстардан қанша адам келді?

Астанаға он айда басқа облыстардан қанша адам келді?

Елордасы Астанаға ауыстырылған сәттен бері халық саны үнемі арта түсуде.

  • 15 Қараша 2012
  • 591
Фото - Caravan.kz

Астана қаласы ІІД Көші-қон басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Қазақстанның басқа облыстарынан Астанаға — 41 620 азамат қоныс аударды. Бұл жайында елорданың ресми сайтында хабарланған.

Атап айтқанда, 81 278 шетелдік азамат уақытша тіркелген. Алыс шетелдерден уақытша келетіндер санын негізінен түрік азаматтары құрайды — 7 117, ҚХР — 3 733.

ТМД елдері: Ресей Федерациясынан — 16 112, Өзбекстаннан — 30 999, Қырғызстаннан — 11 379, Әзірбайжаннан — 3 457 азамат келген.

Соңғы жаңалықтар