Caravan Logo

Астанаға он айда басқа облыстардан қанша адам келді?

Астанаға он айда басқа облыстардан қанша адам келді?

Астана қаласы ІІД Көші-қон басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылдың қаңтарынан қазанына дейін Қазақстанның басқа облыстарынан Астанаға - 41 620 азамат қоныс аударды. Бұл жайында елорданың ресми сайтында хабарланған.

Атап айтқанда, 81 278 шетелдік азамат уақытша тіркелген. Алыс шетелдерден уақытша келетіндер санын негізінен түрік азаматтары құрайды - 7 117, ҚХР - 3 733.

ТМД елдері: Ресей Федерациясынан - 16 112, Өзбекстаннан - 30 999, Қырғызстаннан - 11 379, Әзірбайжаннан - 3 457 азамат келген.