Агенттік хабарламасында атап көрсетілгеніндей, 9-тамызда дәрігерлер науқасқа «үш күндік малярия» деген диагноз қойып, сырттан ауру әкелу оқиғасын тіркеді. Науқастың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Мамандар қазір арнаулы эпидемиологиялық және энтомологиялық зерттеулер жүргізуде.