Астаналық 17 отбасы пәтер кілттерін алды
![]() |
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Астана қаласында жағдайы төмен 17 отбасы пәтер кілттерін алды. |
Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Астана қаласындағы 15 құрылыс компаниясы қоныс тойын тойлаушыларды өздері таңдады. Олар - ата-аналар балаларының сырқатына байланысты толыққанды жұмыс істей алмайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар. Кілттерді табыстау салтанаты әкімдікте қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен өтті.
Бұл - Астана қаласының құрылыс компаниялары тарапынан өткізілетін дәстүрлі акция. Айта кетейік, 2012 жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша, баспанаға мұқтаждардың тізімінде 25 282 адам тұр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін