Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.
Астана қаласындағы 15 құрылыс компаниясы қоныс тойын тойлаушыларды өздері таңдады. Олар - ата-аналар балаларының сырқатына байланысты толыққанды жұмыс істей алмайтын аз қамтамасыз етілген отбасылар. Кілттерді табыстау салтанаты әкімдікте қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен өтті.
Бұл - Астана қаласының құрылыс компаниялары тарапынан өткізілетін дәстүрлі акция. Айта кетейік, 2012 жылдың 27 қарашасындағы жағдай бойынша, баспанаға мұқтаждардың тізімінде 25 282 адам тұр.