Астаналық алаяқ 66 жастағы әжені зар илетіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық алаяқ 66 жастағы әжені зар илетіп жүр

Астаналық алаяқ 66 жастағы әжені зар илетіп жүр

Алпыс алты жастағы көкшетаулық зейнеткер өз өмірі үшін алаңдаулы;  астаналық алаяққа алданып, 4 жарым млн теңгесінен қағылыпты. Ақшаны сенген адамына пәтер алуға көмектесемін деген соң берген екен. Алайда қазір жылға таяса да, не пәтер, не ақшасын ала алмай,  далада қалған. « Тіпті  ол адам ақшаны қайтармау үшін бірнеше мәрте өміріме қастандық жасауға әрекеттенді» -дейді әжей.

  • 18 Маусым 2011
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бақытжан әжей осыдан бір жыл бұрын өзінің Көкшетаудағы 27 жыл тұрған пәтерін сатып, Астанаға көшпек болған; мүгедек немересін Елордадағы балаларды оңалту орталығына жақын жерден қаратпақшы болған. Астанаға келісімен   Зәуреш Досаева деген келіншекпен кезігеді. Ол 30 мың доллардың жаңа үйден пәтер алуға жететінін айтып, көмектесуге уәде беріпті. Сол сәтте ақшасын санап берген Бақытжан әжей кейін «сан соғып қалатынымды білмеппін»дейді.

 Бақытжан Ақмағамбетова, зейнеткер:

— «Менің дүниемді берші, ақ, адал ақшамды берші,  өзім алайын, кетейін бұл жерден. Көкшетауға барып, өз үйімді қайта алайын» — дедім. «Жоқ, болмайды,  осы жақтан аласыз, осында тұрасыз» — деді. 

Осылайша Досаева ешқандай да «алаңдауға негіз жоқ» деп айтумен болған. Тіпті  әперетін пәтерін көрсетіп, ақша алғаны жөнінде бірнеше мәрте қолхат та жазып беріпті. Нотариус арқылы да келісім жасалған. Бірақ ол құжат бойынша 30 мың долларды Досаева тек қарызға алған болып есептеледі.

Әлия Ақмағамбетова, зейнеткердің қызы:

— Адам заңды білмейді, өз құқығын білмейді. Ақшасын алып,енді қашып жүр. ДВД, прокуратураға айтады, есігім ашық деп,  телефон соқтық,  алмайды, есігін ашпайды, ал біз далада жүрміз.

Зейнеткер алғашқы бір-екі айда Досаеваның жеке балабақшасында жұмыс та істеген. «Тіпті ақшамды сұрай бергендіктен,ол баласы арқылы менің көзімді құртқысы да келді» -дейді. Мұны біреуге орындатқысы келіп, қоңырау шалып жатқанын да естіп қалғанын айтады. 


Бақытжан Ақмағамбетова, зейнеткер:

— «Олег,  менде  төрт күміс, екі алтын бар, енді мына кемпірді байлап, жөнелту керек» — деді.  «Она на  бардачок влезает» — деді. Сонда жастықпен былай… келіп қалды, қатты қорықтым, содан бастап есікті диванмен тіреп жаттым.

Аталмыш мәселе бойынша Досаеваның пікірін білмекке оның үйіне де бардық. Алайда  өзі болмай шықты. Баласы әжейдің айтқандары «шындыққа жанаспайды» деп отыр. Бірақ зейнеткердің олармен жарты жылдай бірге тұрғанын, анасының бірнеше қолхат жазып бергенін де жоққа шығармады.

— Расписка есть, у нее. Насчет квартиры — незнаю. Расписку мама давала.

Бақытжан әжей Досаеваны алаяқ деп алдымен Ішкі істер департаментіне шағымданыпты. Бірақ  полицейлер мұнда «қылмыс құрамы жоқ»деп арызын кейін қайтарған. Алайда бұл істі қараған Астана қалалық прокуратура қызметкерлері  «полицейлер асығыстық жасаған» деп есептейді. Сондықтан қазір  Ақмағамбетованың арызы өндіріске алынып, тергеу жүргізіліп жатыр дейді.

Біз Зәуреш Досаеваның есімін  Елбасы айтқан коммуналдық қарыздарын төлеуден жалтарып жүргендер тізімінен де таптық. Қара тізімге Досаева тиісті органдарға жарық, жылу секілді қызмет түрлеріне жарты млн теңге қарызы болғандықтан іліккен. Ал ендігі үміті тек құқық қорғау органдарында қалған Бақытжан әжей бүгін Бас прокуратураға да шығым түсірді.

Соңғы жаңалықтар