Астаналық ақылды балақайды Ресей әншісі Витас жұмысқа шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық ақылды балақайды Ресей әншісі Витас жұмысқа шақырды

Астаналық ақылды балақайды Ресей әншісі Витас жұмысқа шақырды

Ресейдің танымал «Пусть говорят» ток шоуынының жаңа жылдық бағдарламасының құрметті қонағы болған тоғыз жастағы Астана тұрғыны Данияр Құрманбаев орыс халқына өзін тағы бір тәнті етті.

  • 24 Желтоқсан 2015
  • 557
Фото - Caravan.kz

Алдымен студияға келген қонақтар есепті мүдірмей шешетін жеткіншектің өнерін видеодан тамашалап, күмәнмен қарады. Осылайша оған алдын ала дайындалған көп таңбалы цифрларды қосып, азайту сынды тапсырмалар беріп әбден сынады. Оншақты қиын есепті мүдірмей, ойланбастан тура жауабын тауып, шешкен қазақ баласына көрші ел тұрғындары тәнті болып, түрегеп қол соқты.

Тіпті, мұндай дарынды балақайды бірінші рет көрген әнші Витас Даниярды өзінің жеке есепшісі етіп жұмысқа алатынын да жасырмады. Ал, ток шоуға көрермен болып келген Ресейлік кәсіпкер болса «Маған ақылды, дарынды бухгалтер қатты қажет. Маған келші өтініш»деп өзі ұсыныстарын да жасап жатты.


Әңгіме барысында жүргізуші балақайдай мұндай дарынның қайдан келгенін сұрағанда, Данияр Астанадағы арнайы жетілдірілген мектепте тәлім алатынын және өзі секілді есепті мүдірмей шығаратын балалардың көптігін мақтан етті. Жеткіншектің жауабына тамсанып, қазақта дарынды балалардың көптіген қонақтар басын шайқап, қатты риза болды.

Соңғы жаңалықтар