Астаналық аспаздар әлемдегі ең ұзын кимпаб пісіреді
![]() |
Сейсенбі күні Астанада «Кулинарлардың сүйікті қаламызға сыйлығы» атты фестиваль шеңберінде аспаздар командасы ұзындығы 150 метрлік «Кимпаб» кәріс тағамын жасайды. |
Сонымен қатар, астаналық аспаздар әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енбекші.
Елорданың туған күніне арналған ресми сайтта «Бейбітшілік көшесінің бойына ұзындығы 160 метрлік үстелдер қойылады. «Кимпаб» тағамы соның үстіне жасалады», - делінген хабарламада.
Аспаздар дайындаған ролл кішкентай бөліктерге бөлініп, қала тұрғындары мен қонақтарға таратылады.
Шараны Астанаың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, KoreanHouse мейрамханасы мен Корей мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін