Сонымен қатар, астаналық аспаздар әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енбекші.
Елорданың туған күніне арналған ресми сайтта «Бейбітшілік көшесінің бойына ұзындығы 160 метрлік үстелдер қойылады. «Кимпаб» тағамы соның үстіне жасалады», — делінген хабарламада.
Аспаздар дайындаған ролл кішкентай бөліктерге бөлініп, қала тұрғындары мен қонақтарға таратылады.
Шараны Астанаың Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, KoreanHouse мейрамханасы мен Корей мәдени орталығы ұйымдастырып отыр.