Астаналық ата-аналар қанша шуласа да, жуық арада балабақшадан орын босамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық ата-аналар қанша шуласа да, жуық арада балабақшадан орын босамайды

Астаналық ата-аналар қанша шуласа да, жуық арада балабақшадан орын босамайды

Астаналық білім басқармасының мамандары ата-аналарды сабырға шақырады. Өйткені бала-бақшалардағы орын тапшылығы мәселесі айғай-шумен шешіле қоймас. 

  • 29 Шiлде 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz

Алдағы уақытта шенеуніктер тәртіпсіздіктерді болдырмау жолдарын қарастырмақ. Қазірдің өзінде арнайы сайт жұмыс істеуде. Одан кез келген адам өз кезегінің ретін көре алады. Дегенмен бірқатар есімдер электронды қорға енгізілмей қалуы да мүмкін. Бұл сұрақтарды арнайы комиссия шешеді. Алайда бүгінгі таңда даулы мәселелердің барлығын қарау қиындығы түсуде,  өйткені маман тапшы. Сондықтан ендігі кезден бастап тұрғындарды жеке топтарға бөліп қабылдау көзделуде. Қазір елорда бала-бақшаларының барлығы толық. Бірақ жыл соңына дейін Астанада бірнеше жаңа нысан пайдалануға тапсырылмақ. Осылайша биыл 6 мыңға жуық бүлдіршін мектепке дейінгі біліммен қамтылады. Бірқатарын жеке меншік бала-бақшаға орналастыруда қаржылай көмек қарастырылған. Сондықтан ұстаздар ата-аналардан түсіністік күтуде.


Әсима Бимендина, Астана қалалық Білім басқармасының бастығы:

-Айғайласамыз, бір жерге өтініш жазамыз деп, орын алып береді деген жағдайға келтіреді. Бірақ біз біреудің орнын бере алмаймыз. Ал енді тіркеусіз кім алады деп сұрайды кейбір ата-аналар. Ол мынау әскери қызметкерлер заң бойынша. Бірақ біз оларға да 100 пайыз орын бөліп жатқан жоқпыз.