Жарияланды: 490

Астаналық әуежайда Ұлыбритания азаматы полиция қызметкеріне күш көрсетті

Астанада шетелдік азаматтың бейәдеп әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ұлыбританиядан келген Бригс Пол Спенсер Астана әуежайында дөрекі мінез танытып, полиция қызметкеріне күш көрсеткен.

Ағылшын азаматы әуежайға ішімдік ішіп келген көрінеді. Осы себеппен ол Астана-Алматы бағытындағы ұшаққа жіберілмеді. Сапарға шыға алмаған жолаушы ашуға мініп, сол жердешатақ шығарды;  айналасындағы  адамдарды балағаттап, оқиға орнына келген полиция қызметкеріне қарсылық көрсетті. Шетелдік мейман тек сержантқа ғана емес, қатардағы азаматқа да қол жұмсаған көрінеді. Бұзақының үстінен екі шағым түсті. Осылайша Бригс Пол Спенсер полиция бөліміне жеткізілді. Кейін анықталғандай, ол еліміздегі ірі мұнай компанияларының бірінде қызмет атқарады екен. Қазір оған қатысты қылмыстық істі қозғау мәселесі қарастырылуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін