Электронды түрде сатылымға шығарылған елордадағы «Сапаржай-Астана» ЖШС 1 млрд теңгеге өтті, — деп хабарлайды elorda.info
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік реестрінің веб-порталына «Сапаржай-Астана» ЖШС 100% акциясы сатылымға қойылған еді. Саудаға қоюшы «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жекешелендіру аукцион түрінде өтті.
Қатысушыларға 68 070 000 теңге төлеу міндеттелді. Ал аукциондағы бастапқы баға 484 359 000 теңге. Нәтижесінде «Сапаржай-Астана» ЖШС нақты құны 1 005 151 125,94 теңге болды. Автовокзалдың жаңа қожайындары туралы әзірге ақпарат жоқ.