Астаналық аяқдопшылар Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық аяқдопшылар Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды

Астаналық аяқдопшылар Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынына аттанды

Бүгін «Астана» футбол клубы Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Анталияға аттанып кетті.

  • 27 Қаңтар 2012
  • 479
Фото - Caravan.kz


Жины 9 ақпанға дейін созылмақ. Бас бапкер Олег Протасов командаға бұл жолы қосалқы құрамнан жартылай қорғаушы Ринат Хайруллинді және қорғаушылар Дмитрий Каминский мен Павел Халезовты қосып отыр. Онда алғашқы жиынға қатысқандардан — Қайрат Нұрдаулетов, Мұхтар Мұхтаров, Марат Шахметов, Ұлан Қонысбаев, Таңат Нөсербаев, Ненад Эрич, Алексей Белкин, Александр Коночкин, Марк Гурман, Михаил Рожков, Виктор Дмитренко, Пиралы Алиев, Душан Петрониевич, Сергей Гридин мен Сергей Остапенко болады. Ал қақпашы Денис Овсянников, қорғаушы Дамир Даутов, жартылай қорғаушы Исламбек Қуат пен шабуылшы Денис Прокопенко олардың қатарына Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Достастық елдері» кубогы турнирі біткен соң 31 қаңтарда қосылмақ.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера