Атап атқанда, осы тартыста жақсы ойын өрнегімен елордалық команданың қақпашысы Виталий Еремеев көзге түсті. Ол қонақтардың оқытын-оқтын шабуылдарына қарамастан қақпаны қорғауға бар күш-жігерін салды. Нәтижесінде, «Динамо» хоккейшілері елордалықтарға 1 ғана шайба салу мүмкіндігіне қол жеткізді. Ал «Барыс» командасы бұл тартысты додада қонақтардың қақпасына 5 шайба салып, өз айдынында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.
ҚХЛ аясында «Барыс» хоккейшілері келесі ойынын «Торпедо» командасымен елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында 27 желтоқсанда өткізеді.