Астаналық футболшылар Грузия чемпионатының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық футболшылар Грузия чемпионатының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізеді

Астаналық футболшылар Грузия чемпионатының қола жүлдегерімен жолдастық кездесу өткізеді

Бүгін «Астана» футбол клубы Түркияның Анталия қаласында екінші оқу-жаттығы жиынын бастады.

  • 27 Қаңтар 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz


Ол 9 ақпанға дейін созылмақ. Астаналықтар өткен маусымда ел чемпионатында 4-орын алған болатын. Биыл бас бапкері ауысқан олар Олег Протасовтың жетекшілігімен 30 қаңтарда Грузия чемпионатының қола жүлдегері саналатын Рустави қаласының «Металлруг» командасымен жолдастық кездесу өткізбек. Одан кейін 4 ақпанда Молдованың «Академия УТМ», ал 8 ақпанда Чехияның «Баник» командаларымен сайысқа түспек. Содан аздаған үзілістен соң жаңа маусымға әзірлік кезіндегі соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға қайта оралмақ.