Астаналық келіншекті күйеуі мен ата-енесі өз пәтерінен қуып шықпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық келіншекті күйеуі мен ата-енесі өз пәтерінен қуып шықпақшы

Астаналық келіншекті күйеуі мен ата-енесі өз пәтерінен қуып шықпақшы

Астаналық келіншекті күйеуі мен ата-енесі банктен несиеге алған өз пәтерінен қуып жатыр.

  • 16 Мамыр 2018
  • 92
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы жазбаны отандық журналист Жазира Бегалы өзінің Instagram-парақшасында жазды.

Журналист қыздарға кеңес ретінде күйеуге шықанда сақ болыңыздар деп жазады. Айтуынша, астаналық қызға үйленген жігіт ата-анасымен бірге әйелінің қолына кіріп алған. Енді «күшік күйеуі» Айгүлді өз пәтерінен қуып шықпақшы екен.

«Сымбатты, адамгершілігі мол, жат қылығы жоқ жігіт астаналық бойжеткенге гүл сыйлады, жүрегін жаулады. Екі айдан кейін "жарым бол" деп сүйіктісі құлағына сыбырлағанда Айгүл "Мен бақыттымын" деп әлемге жар салғысы келді. 6 жыл күткен баспанасына жаңа қоныстанған Айгүл ұзату тойға дайындалуға кіріседі. Бақыттан басып айналып жүргенде болашақ жары мен ата-енесі үйіне кіріп алыпты. Сонымен тойханада ұзатылған қыз өз пәтерінің босағасын аттап, келін болады. Ата-енесі зейнеткерлер емес, 50 жастағы кісілер екен. "Күшік күйеу" десе, намыстанып, жер тепсініп шығатын ұлттың ұрпағы едік. Бір жыл баспананы паналап, несиесін төлеген ата-ене енді келінді өз үйінен қудалап жатыр екен. Олар пәтерді тартып аламыз деп қорқытты, қайда барамын деп Айгүл жылап тұр», — деп жазды журналист өз жазбасында.

Астаналық ару ол пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкі арқылы алты жылға несиеге алыпты. Журналист өз баспанасынан қуылған қызға көмектесетін заңгерлер болса, хабарласуларын өтінді.

Оқи отрыңыз:

Экс-министр Жақсылық Досқалиев қазақстандықтарға үндеу жасады
Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды
Оңтүстік Қазақстанда биыл 20 мыңға жуық тұрғын таза ауыз сумен қамтылады
 

 

 

Соңғы жаңалықтар