Астаналық конькимен сырғанаушы Берлинде әлем чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.97
  • 583.77
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық конькимен сырғанаушы Берлинде әлем чемпионы атанды

Астаналық конькимен сырғанаушы Берлинде әлем чемпионы атанды

Берлиндегі спринтерлік көпсайыстың қорытындысында Астаналық конькимен сырғанаушы Владимир Костин 35-40 жас аралығындағы категорияда әлем чемпионы атанды.

  • 28 Қаңтар 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Конькимен жылдам сырғанаудан Берлинде өткен әлем чемпионатында ардагерлер арасында спринтерлік көпсайыс сомасы бойынша екі қысқы Олимпиада мен төрт Азия ойындарының қатысушысы, Азия чемпионатының жүлдегері Владимир Костин әлем чемпионы атанды», — делінген бейсенбі күні әкімдік баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Хабарда В. Костин «1000 метрлік қашықтықта жаңа әлемдік рекорд орнатып, 1 мин 14,09 сек-та жүгіріп өтті делінген».

Конькимен жылдам жүгіруден спорт ардагерлері арасындағы әлем чемпионаты Берлинде қаңтардың 22-23-терінде өтті. Оған әлемнің 16 елінен 325 спортшы қатысты. Қазақстаннан Владимир Костин, Александр Гаврилов, Виталий Капольнюк пен Азамат Смаилов қатысты.

«40-45 жас категориясында КСРО қарулы күштерінің чемпионатының жеңімпазы, КСРО халықтары Спартакиадасының жүлдегері Александр Гаврилов бесінші орын алды. Қазақстандық тағы бір спортшымыз, 30-35 жаса категориясында Азамат Смаилов оындай нәтиже көрсетті. 45-50 жас категориясында кезінде КСРО чемпионы атанған Виталий Капольнюк 11-ші орын алды», — делінген ақпараттық баянда.