Астаналық полицейлер мерекені жаппай жүгірумен атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Астаналық полицейлер мерекені жаппай жүгірумен атап өтті

Астаналық полицейлер мерекені жаппай жүгірумен атап өтті

Ал Астаналық полицейлер бүгінгі мерекені жаппай жүгірумен атап өтті. Спорттық шараға 200-ден астам  тәртіп сақшысы қатысқан.

  • 2 Желтоқсан 2015
  • 122
Фото - Caravan.kz

Қызметтік формаларын спорттық киімге ауыстырған полицейлер отбасыларын де ерте  келген. Ішкі істер органдарының қызметкерлері таңғы суыққа қарамастан бабында болды. «Қазақ елі монументінен» бастап Есілдің сол жағалауындағы орталық көшелерді айнала жүгіргендер, 2 жарым шақырым қашықтықты 15 минуттың ішінде бағындырды. Астана қаласының Ішкі істер департаменті салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай,  осылайша мерекені де ерекше атап өтті.

Самғат Анаров, арнайы жасақ инспекторы:

Бірінші рет емес, жылдан-жылға осындай шараға  қатысып жатырмыз. Барлық департамент атынан бәріміз де бір адамдай бала-шағамызбен де қатысып жатырмыз. 

Соңғы жаңалықтар