Прокуратураның деректерінше, «олардың арасында Астана қаласының өзінде тәркіленген есірткінің жалпы мөлшері күрт өскен». 1-ші жарты жылдықтың өзінде заңсыз айналымнан 53 келіден астам түрлі есірткі тәркіленген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 5,2 келі болатын.
Прокуратурадағылар қазанның 19-ында басталған «Астана — есірткіден таза қала» атты бағдарламаны жүзеге асырудың маңызы туралы сөз етті. Содан бері астаналық Ішкі істер органдары есірткіге қатысты 60 қылмыс пен заң бұзушылық істі тіркеп, 34 қылмыстық және 26 әкімшілік іс қозғады. Сонымен қатар, есірткілік заттарды тасымалдаумен және қалада таратумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, есірткі тарататын 3 ірі, 10 шағын орындар жабылды.
Бүгінгі таңда Астанадағы медициналық- әлеуметтік көмек орталығында есірткі тұтанытын 3228 адам, соның ішінде 861 жасөспірім тіркелген. Алайда сарапшылардың айтуынша, есірткіні пайдаланатындардың саны шындығына келгенде 6-8 есе көп. Ал ондай адамдардың саны жылына 20 пайызға артып отырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті