Астаналық қызды зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық қызды зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды

Астаналық қызды зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды

 

  • 6 Наурыз 2019
  • 63
Фото - Caravan.kz


Астана тұрғынын зорлады деген күдікті Қырғызстанда ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2019 жылдың 5 наурызында ұсталып отыр. "Қырғыз Республикасы ІІМ-мен бірге жүргізілген шаралар барысында Шу облысы Аламудун ауылында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды, ол Астанада қыз зорлағаны үшін 2017 жылдан бері іздеуде болды", — деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. Қырғыз Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, күдікті Бішкек БІСБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол халықаралық іздеуде болған. "Жиналған материалдар мемлекетаралық Конвенцияға сай экстрадиция мәселесін шешу үшін Қырғыз Республикасы бас прокуратурасына жіберіледі", — деді ведомствода
 

Соңғы жаңалықтар