Астаналық сақшы полиция бекетінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық сақшы полиция бекетінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алды

Астаналық сақшы полиция бекетінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алды

Астаналық  сақшы тура полиция бекетінде аяғы ауыр келіншекті босандырып алды. Ауылдан аудан орталығындағы перзентханаға бара жатқан Сағат Ибраеваны толғақ қысып, жол бойындағы полицейлерден көмек сұрауға мәжбүр болыпты.  Ал сақшылар жылдам әрекет етіп, тура көліктің ішінде 33 жастағы келіншекті босандырып, сәбидің кіндігін кескен. Бүгін Бақыт Әлімқұлов сол кіндік баласын іздеп  Астанадағы перзентханаға барды.

  • 27 Тамыз 2015
  • 524
Фото - Caravan.kz

Жол бойында толғақ қысып, көмек сұраған  келіншекті еш ойланбастан босандырып алған полицей осы. Бақыт Әлімқұлов бүгін қолына құшақ гүл алып перзентханаға келді. Кіндік баласын көзімен көріп кетпек. 

Ана мен бала да өздерін құтқарып қалған сақшыны күтіп отыр екен. 33 жастағы келіншектің айтуынша, ол  Қарағанды облысындағы Ахмет ауылында тұрады. Сағат  айы-күні таяған соң аудан орталығы Теміртаудағы перзентханаға барып босану үшін  жолға шығыпты. Алайда, алдымен Астанада жүрген күйеуіне жолығып, сонымен бірге бармақ болған ол бас қаланың  полиция бекетіне жақындағанда аяқ асты толғақ қысып, көлікті тоқтатуға тура келген. Сөйтіп, полицейлерден көмек сұрапты.

Сағат Ибраева:

—  Жанымда жездем, жеңгем болды. Бірақ олар сасқалақтап қалды. Сосын мына кісі көмектесіп, өзім танысқанда Баха деді. Рахмет ол кісіге. Көмектесіп, кіндігін кесті. Енді атын да өзі қойсын.

Сақшы да көп ойланбады, сәбиге «Ағабек» деп  ат  қойды. 

Как вы хотите назвать, пожалуйста, это ваша права.

— Ағабек назавем.

–Онда он будет Ыбырай Ағабек Қанатұлы.

Бұл Сағаттың бесінші перзенті екен. Бірақ, жол-жөнекей алғаш рет босануым деп қалжыңдайды. Ал, полицей Әлімқұловтың алдына толғақ қысқан келіншектер бұған дейін де көмек сұрап келген көрінеді. 

Бақыт Әлімқұлов, Астана қаласы ІІД Жол-потрульдік полициясының взвод командирі:

— 5-6 жыл бұрын қабылдағанмын. Жұмыста отырған кезде, бір келіншек келген. Жедел жәрдем көрсетіп, толғақ келіп қалды деді. Сол кезде босандырып алғаным бар. Сол арада 5-6 жыл өтіп, осы. Решение қабылдау керек болд, не было времени.

Осылайша, Бақыт Әлімқұлов тура көлікте келіншекті босандырған. Сақшының өзі де көпбалалы екен, оның да 5 перзенті бар. Ал,  полиция бекетінде дүниеге келген Ағабектің жағдайы жақсы дейді дәрігерлер. Сәбидің салмағы 3 келі екен. Ана мен баланы санаулы күнде үйіне  шығармақ.

 

Соңғы жаңалықтар