Жарияланды: 410

Астаналық шенеуніктер жаппай медициналық тексеруден өтіп жатыр

Денсаулық - зор байлық! Ел игілігін күні-түні ойлайтын мемлекеттік қызметкерлер осы байлықтарын күтуге кірісті. Мұндай амалға оларды басшылық өкілдері мәжбүрлепті. Осылайша қазір астаналық шенеуніктер жаппай тексеруден өтуде. Алайда олардың денсаулық жағдайы көңіл көншітпейді.

Әдетте мемлекеттік қызметкердің емханаға келіп, қаралуға уақыты болмайды. Алайда «кеңселік» өмір салты денсаулықтың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, қазір тіпті жастар арасында жүйке жүйесі, қан тамыр, жүрек аурулары мен қант диабеті сынды күрделі дерттер көп таралған. Мадина Сүйлейменова елордаға 11 жыл бұрын қоныс аударғанымен, мұндағы аурухағана бірінші рет келді. Білім беру саласында қызмет ететін ол жас ұрпақтың саулығын үнемі ойласа да, өзіне көңіл бөлмеді. Бүгін оның қан қысымының жоғары екені анықталды.

Мадина Сүлейменова, Астана қалалық білім басқармасының бөлім бастығы:

-Жасыратыны жоқ, кейде өзіміз үстірт қана өте салатынбыз. Ал мында арнайы тексерістен өтіп, қан тапсырдық. Енді мен үшін бұл 10 жылда бір сапалы өткен тексерісім.

Скриннингті зерттеу жүздеген адамды қамтуы тиіс. Бұл термин негізінде «сақтап қалу» деген мағынаны білдіреді. Шенеуніктерді түрлі асқынулардан құтқаруға кіріскен ақ халатты жандар оларға көбірек қимылдау керектігін ескертеді. 

Иран Шәметеков, Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:

-Мемлекеттік қызметкерлер ондай деңгейге жеткен жоқ. Сондықтан жаттығу жасау әрине қажет, мәселен түскі ас мезгілінде.

Бұған дейін Астананың белсенді жастары да кеңсе өкілдерін сауықтыру үшін арнайы бағдарлама әзірлеген-ді. Онда барлық қызметкерлерге жұмыс күні арасында міндетті жаттығу жасату көзделген. Бірақ әзірге бұл ұсыныс министрлер тарапынан ресми қолдау тапқан жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін