Астаналық театр «Өз театрыңды таны!» атты промо-акциясына шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық театр «Өз театрыңды таны!» атты промо-акциясына шақырады

Астаналық театр «Өз театрыңды таны!» атты промо-акциясына шақырады

Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры наурыздың 12-сі күні, сағат 19.00-де «Хан Шатыр» орталығында «Өз театрыңды таны!» атты промо-акциясын өткізеді.

  • 9 Наурыз 2011
  • 576
Фото - Caravan.kz

Бұл шара Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналып отыр, деп хабарлады театрдың бұқарамен байланыс бөлімінен.

Бүгінде Астана қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры сахна өнерінің елордадағы талантты да танымал ұжымы болып табылады. Аталмыш театрдың репертуарындағы тамаша қойылымдар астаналық көрерменнің көзайымына айналып, көпшілікке тәрбиелік мәні зор, рухани қызмет көрсету ісінде айтулы жетістікке жетіп отыр.

Осы үрдісті көпшілікке жақындата түсу үшін, театр ұжымы промо-акцияны өткізгелі отыр. Сондай-ақ, промо-акцияда театр артистерімен бірге еліміздің танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Атап өтсек, «Бәйтерек» және «Аламан» топтары. Сонымен қатар, промо-акцияға Қаллеки театрының майталман актрисалары мен актерлары, қазақ өнерінің Асанәлі Әшімов, Рымкеш Омарханова, Түймехан Атымтаева, Шәміл Жүніс, Гүлжан Әспетова сынды тарландары қатысады.

Перейти к новостям спорта