Астаналық телеарнаның журналисі мәдениет және ақпарат министрін сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық телеарнаның журналисі мәдениет және ақпарат министрін сотқа берді

Астаналық телеарнаның журналисі мәдениет және ақпарат министрін сотқа берді

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Астанадағы "Эра-ТВ" телеарнасының журналисі Юлия Исакова мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың үстінен Астана қаласының Алматы аудандық сотына ар-ұждан мен беделді қорғау жөнінде шағымданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 486
Фото - Caravan.kz

Ю.Исакова бүгін аудандық сот ғимаратының алдында әріптестеріне шағымның жайымен таныстырды. Онда атап көрсетілгеніндей, ағымдағы жылдың 2-наурызында президенттің жолдауын жүзеге асыруға арналған республикалық кеңесте еліміздің мәдениет және ақпарат министрі телеарна өкілін залдан шығарып жіберуді талап еткен. Басқа журналистер мен түсірушілердің көзінше Е.Ертісбаев былай деді: «Эраны мына жерден шығарып жіберіңіздер… «Эраға» сұхбат бермейміз… Олар менің үстімнен шағымданып, маған тендерді заңсыз өткізді-міс деп айып таққан». Осыдан кейін «Эра» телеарнасының журналисі шығып кетуге мәжбүр болды.

«Министр өзінің көпе-көрнеу заңсыз әрекетімен журналисті кәсіби қызметін заңды жолмен жүзеге асыруға келмейтіндей жағдай жасап, залдан қуып шықты»,- деген түсініктеме берді Ю.Исакова министрдің әрекетіне.

Шағым иелері Е.Ертісбаев осы әрекеті арқылы журналиске де, телернаға да моральдық шығын келтірді деп есептейді. «Менің кәсіби құқығым мен «БАҚ туралы» заң бұзылды»,- деді Ю.Исакова.

Шағымданушылардың мәлімдеуінше, «Эра-ТВ» телеарнасының журналисі мен басшылығы жауапкерден моральдық шығын үшін 1 теңге өндіріп беруді талап етеді. «Бастысы ақша емес, ең бастысы — менің кәсіби беделіме нұқсан келді»,- деді Ю.Исакова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті